Достар бүгін біз сіздерге донорымыз Кузнецов Иван Михайлович туралы айтқымыз келеді!

Достар бүгін біз сіздерге донорымыз Кузнецов Иван Михайлович туралы айтқымыз келеді!

Иван Михайлович 2021 жылдан бастап қан доноры болып табылады. Ол қызы Виолетта Кузнецоваға донорлық қан қажет болған кезде, донорлық қанның қан компоненттерін құюды қажет ететін адамдардың өмірі үшін маңыздылығын білді.

Кішкентай Виолетта туғаннан бастап өмір үшін күресуде және оған көбінесе қан компоненттерін – тромбоцит құюды қажет етеді. Қазір қыздың туған-туысқандары мен жақындары шетелде қымбат ем алу үшін қаражат жинап жатыр. Кішкентай Виолеттаның тарихын @violetta_kuznetsowa парақшасынан немесе біздің (https://www.instagram.com/p/CXbGofSKb64/?utm_source=ig_web_copy_link) таспасынан оқи аласыз.

«Бізге гемотрансфузия жиі жасалады. Қандағы тромбоциттердің төмен деңгейімен және бұл өмірге қауіпті жағдайда тромбомассаның дайын болғаның күтуге тура келді. Бізге қан қажет болатын жағдайда болады. Біз ауруханаға жиі жатамыз және донорлық қан өлім аузындағы адамның өмірін құтқарып жатқаның көреміз. Сондықтан да біз өтеусіз қан донорлығын дамытуға қолдау көрсетуге өз үлесімізді қосамыз және қан тапсырамыз. Біз барлық донорларға және @centrkrovioskemen – ге алғыс айтамыз» – деп атап өтті Виолеттаның ата-анасы.

Иван Михайловичке өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Кішкентай ханшайымға тезірек сауығып кетуін тілейміз! Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі, сондықтан біз бірге бір-бірімізге көмектесіп, өмірдің барлық қиыншылықтарын жеңеміз деп сенеміз!

Көшпелі бригада жылжымалы донорлық күндерді ұйымдастырадыхабарландыру №9

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33