Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері жөнінде өткен облыстық конференция туралы

Клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері жөнінде өткен облыстық конференция туралы

2022 жылғы 24 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері бойынша кезекті облыстық конференция өтті. Мамандардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында конференция форматы тек бетпе-бет қатысуды ғана емес, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы онлайн-трансляция өткізілді.

Конференцияға өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология саласындағы мамандар қатысты.Конференция шеңберінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдаланудың сыртқы мониторингінің нәтижелері, проблемалық сәттер мен оларды шешу жолдары баяндалған мәселелер талқыланды, гематологиялық орталықта құрамында эритроциттер бар қан компоненттерін клиникалық пайдалану тәжірибесі қаралды, қан қызметінің жиынтық есеп беру нысандарын жасаудың кейбір қағидаттары айтылды, сондай-ақ, ҚР “Трансфузиологтар қоғамы” РҚБ жұмысы жарияланды.

Конференция барысында барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға және мамандардан құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік алды. ШҚО бойынша “Трансфузиологтар қоғамы” РҚБ конференция қатысушыларынан қоғамға кіруге 11 өтініш алып, өз құрамын кеңейтті.

Облыстың қан қызметін дамытуға қосқан зор үлесі үшін “Трансфузиологтар қоғамы” РҚБ ШҚО филиалының төрағасы мынадай дәрігер – трансфузиологтарды құрмет грамотасымен марапаттады: Литвинчук Ольга Васильевна ( ШҚ облыстық ауруханасы Өскемен қ.), Куликова Ирина Владимировна (Ана мен бала орталығы, Өскемен қ.), Мұқанова Лаура Қайроллаевна (Жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей қ.), Наурызбаева Ләззат Тілеуғазықызы (“Венера” жеке көпсалалы клиникасы, Семей қ.).

Конференцияға қатысушылар оны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, болашақта осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

ШҚОҚО баспасөз қызметінің төрайымы Т. Войнова

«6699 ӘБ-дегі Донор күні»ДОНОРЛЫҚ СЕНБІ!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33