Медицина қызметкерлері күні
Бүгін, 2022 жылғы 17 маусымда облыстық қан орталығында медицина қызметкерлері күні қарсаңында донорларға қан донорлығы саласында көрсеткен мейірімділігі үшін денсаулық сақтау Министрлігінің алғыс грамоталарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Осы грамоталармен келесі донорлар марапатталды:
1. Марушить Сергей Владимирович-20 жыл бойы донор. 2002 жылдан бастап 75 тегін ерікті қан донациясын тапсырған, 39,5 л көлемінде консервіленген қан дайындалды.
2. Понарин Андрей Александрович-17 жыл бойы өтеусіз донор болып табылады. 2005 жылдан бастап 52 тегін ерікті қан донациясын тапсырған, 21,65 л көлемінде консервіленген қан дайындалды.
3. Ержан Мырзабекұлы Сапарғалиев-2002 жылдан бастап қан және оның компоненттерінің доноры болып табылады, бүгінгі таңда 48 өтеусіз ерікті қан донациясын тапсырған, 20,35 л көлемінде консервіленген қан дайындалды.
4. Спиваков Антон Вячеславович-2010 жылдан бастап қан доноры болып табылады, бүгінгі күні 47 өтеусіз ерікті қан донациясына ие, 21,3 л көлемінде қан тапсырды.
5. Морозова Елена Изильевна-26 жыл бойы донор болып табылады. 1996 жылдан бастап 44 тегін ерікті қан донациясын тапсырған, 19,45 л көлемінде консервіленген қан дайындалды.
6. Борисов Александр Николаевич-2004 жылдан бастап 43 тегін ерікті қан донациясына ие, 19,05 л көлемінде консервіленген қан дайындалды.
Біздің барлық донорларымыз тұрақты өтеусіз донорлар бола отырып, қан мен оның компоненттерін шұғыл дайындау жағдайында облыстық қан орталығы қызметкерлерінің шақыртуына ешқашан бас тартқан емес, кез келген сағатта қанға мұқтаж адамға көмек көрсетуге дайын. Донорлардың тапсырған қанының арқасында Шығыс Қазақстан облысында көптеген адамдардың денсаулығы қалпына келтіріліп, өмірі құтқарылды. Олардың бойынан мейірімділік, жомарттық, сияқты қасиеттерді көруге болады.
Біздің донорларға ерікті және өтеусіз түрде қан тапсырғандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық, отбасыларыңа амандық, ұзақ және бақытты ғұмыр тілейміз!