17 маусымында медицина қызметкерлері күні қарсаңында біздің облыстық қан орталығында салтанатты жиналыс өтті

17 маусымында медицина қызметкерлері күні қарсаңында біздің облыстық қан орталығында салтанатты жиналыс өтті

Бүгін, 2022 жылдың 17 маусымында медицина қызметкерлері күні қарсаңында біздің облыстық қан орталығында салтанатты жиналыс өтті, жиналыс барысында “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен Сергеева Елена Евгеньевна, денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен Разуменко Тамара Вячеславовна, ШҚО әкімінің алғыс хатымен Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатымен Мәдиева Мақпал Сләмбекқызы, Өмірзақов Дархан Шоқанұлы, Полукарова Ольга Николаевна, Толочко Наталья Борисовна, Мустафина Мира Ақылбекқызы марапатталды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері Қазақстандық  денсаулық сақтау  қызметкерлерінің  салалық  кәсіптік одағының, облыстық қан орталығы әкімшілігінің марапаттарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Орталық басшылығы қызметкерлерді мерекелік сыйлықақымен қуантса, ал кәсіподақ комитеті тәтті тағамдармен қуантты.

Медицина қызметкерінің мамандығы толығымен адамдарға қызмет етуге арналған. Күнделікті ауыр еңбекпен Сіз бізге сыйға тартқан құнды байлық – өмір мен денсаулықты қорғайсыз.
Сіз біздің қала мен облыс тұрғындарына өз денсаулығын сақтауға және өмірін ұзартуға көмектесесіз. Ең қиын сәттерде жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті, жанашырлық пен мейірімділікті көрсете отырып, көмекке келесіз.

Күнделікті, қажырлы еңбек және таңдаған мамандыққа деген сүйіспеншілігіңіз үшін көп рахмет.

Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш – жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне берулеріңізге тілектеспіз.

Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!Біздің қан орталығындағы емдік автоматты плазмаферез.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33