Біздің қан орталығындағы емдік автоматты плазмаферез.

Біздің қан орталығындағы емдік автоматты плазмаферез.

Рәсім емдеуші дәрігердің диагнозы және пациенттің жеке басын куәландыратын құжат көрсетілген жолдама болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Емшараға жіберуді, емшаралардың қажетті санын, оларды жүргізу жиілігін, алынатын плазманың көлемін диагнозды, пациенттің жасын, объективті қарап-тексеру деректерін, жеке төзімділігін және зертханалық деректерді ескере отырып, трансфузиолог-дәрігер айқындайды.

Әр рәсімнен бұрын зертханалық зерттеулерден өту керек, мысалы: жалпы ақуыз мен гемоглобин деңгейін, қанның ұю уақытын анықтау.

Аппараттық емдеуді жүзеге асыру үшін пациенттің шынтақ буынының жақсы контурланған (айқын) тамырлары болуы маңызды.

Емдеудің осы түрін жүзеге асырудың абсолютті қарсы 🙅‍♀️көрсетілімдері:

🔹қаназдық (гемоглобин деңгейінің 120 г/л-ден төмендеуі);
🔹гипопротеинемия (қандағы жалпы ақуыз концентрациясының 60 г/л-ден кем төмендеуі);
🔹гемостаз, тромбоцитопения жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулары;
🔹қан кету;
🔹жүктілік немесе мерзімінен бұрын босану қаупі;
🔹жүйкелік ауру жағдайларында;
🔹құрғатылмаған іріңді ошақтың болуы;
🔹процедураның компоненттеріне аллергиялық реакциялар;
🔹науқастың салмағы 50 кг-нан аз;
🔹веноздық қол жетімділіктің болмауы;
🔹шеткі көктамырлардың флебиттері (қабынуы).

Плазманың автоматты аферезі рәсімінің ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.

Емдеудің бұл әдісі инвазивті араласу және жоғары қауіпті рәсім болғандықтан, оны жүргізер алдында «Пациенттің ақпараттандырылған келісімі» құжатын міндетті түрде рәсімдей отырып, пациенттің жазбаша келісімін алу қажет.

Емшараны жүргізуге ақпараттандырылған келісім алу үдерісін трансфузиолог дәрігер әңгімелесу түрінде, емшараның мәнін түсінікті және қолжетімді баяндауды пайдалана отырып және егер олар туындаған жағдайда пациенттің сұрақтарына жауап бере отырып жүргізеді.

17 маусымында медицина қызметкерлері күні қарсаңында біздің облыстық қан орталығында салтанатты жиналыс өтті(RU) Проверка на совместимость

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33