Донорды сәйкестендіру
Қазіргі қоғамда біз адам өмірінің әртүрлі салаларда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаны сәйкестендіру қажеттілігіне тап боламыз.
Донорды сәйкестендіру өте маңызды рәсім, өйткені қан орталығының қызметі адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін әлеуетті тәуекелмен байланысты. Донорды сәйкестендіру пациенттің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттардың алты ережесінің бірі болып табылады.
Жеке басын сәйкестендіру – әртүрлі тәсілдерді (әдістерді) қолдану арқылы жеке басын анықтау. Жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша адамның жеке басын анықтау (сәйкестендіру) – бұл оның анықтамалық деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, толық туған күні, туған жері және т. б.) және одан әрі ұсынылған құжаттағы фотосуретті оның тұлғасымен және алынған ақпаратты құжаттағы мәліметтермен салыстыру арқылы анықтау.
Барлық кезеңдерде донорды қабылдау оның жеке басын куәландыратын құжаттардың не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың басып шығарылған көшірмесінің немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжатының (бұдан әрі-құжат) негізінде жүзеге асырылады. Донорды сәйкестендіру 3 анықтағыш негізінде жүзеге асырылады:
1.тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2. туған күні, айы, жылы:
3. құжаттағы фотосуреті.
Қан орталығында болудың барлық кезеңдерінде кездейсоқ қателерді болдырмау үшін сәйкестендіруді жүргізу үшін донор қан орталығы қызметкерінің өтініші бойынша құжатты көрсетуге және өзінің дербес деректерін атауға міндетті. Донорды сәйкестендіру кезінде қан орталығының қызметкеріне донордың жауаптарын ымдау, басын ию және т.б. түрінде қабылдауға тыйым салынады.
Донорды сәйкестендіру рәсімін жүргізу кезеңдері:
1. тіркеу орны;
2. донорды алғашқы тексеру зертханасы;
3. терапевт кабинеті;
4. донация залы – шығыс материалдарын таңбалау алдында;
5. донация залы-қан мен оның компоненттерінің эксфузиясы алдында.
Донордың жеке басы мен жеке деректері фотосуретпен және құжат деректерімен сәйкес келмеген жағдайда донацияға донорға жол берілмейді.
Құрметті донорлар, сіздердің қан орталығында болған кездегі қауіпсіздіктеріңіз және денсаулық сақтау ұйымында берілетін қан компоненттерінің қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз болып табылады. Сондықтан донорды донациялау алдында сәйкестендіру туралы рәсімге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.