Қан топтарын ашу және антикоагулянттарды енгізу

Қан топтарын ашу және антикоагулянттарды енгізу

Гемотрансфузия проблемасындағы елеулі өзгерістер ХХ ғасырдың басында ғана болды және иммунитет туралы ілімінің дамуына байланысты. 1901 жылы Вена қаласының патологиялық анатомия университетінің қызметкері К.Ландштейнер 22 адамның эритроциттері мен сарысуының өзара іс-қимылына зерттеу нәтижелерін жария етіп, қанның үш тобы О, А және В бар екенін ашты (1930 жылы Нобель сыйлығын алды). Бұдан кейін, 1902 жылы К.Ландштейнердің университеттегі әріптестері Альфред Декастелло және Адриано Стурли қанның АВ төртінші тобын сипаттады.

Осы ашылған жаңалықтар гемотранфузиядан кейнгі асқынулардың санын азайтты және де бұл гемотрансфузия ілімі тағдырындағы бірінші негізгі өзгеріс болды.

Қан топтарын есепке ала отырып, әлемдегі ең алғаш трансфузияны 1907 жылы американдық хирург Джордж Крайль (үйлесімді қанның 61 құюын жасады) жүргізді. Сол жылы Гектоэн қан үйлеспеуінің алдын алу үшін донор және реципиент қанының арасындағы алғаш айқас реакцияны жасады. Қан құюда шешілуі тиіс келесі мәселе оны донор ағзасынан алып тастағаннан кейін қанның ұюынан арылу болды.
Белгілі бір дәрежеде оны француз химиктері Жан-Луи Прево мен Жан-Батист Дюма 1821 жылы жеңді. Олар фибрин түскеннен кейін қанды сұйық күйде сақтауға болатындығын анықтады.

Дефибринирлеуден басқа, қанды сұйық түрінде қалдыру мәселесін шешу үшін ғалымдар әр түрлі тәсілдерді ұсынған: қанға арналған контейнерлер мен түтікшелерді парафинмен қаптау, сульфат және аммоний оксалаты, натрий фосфаты, сульфаты және йодиді, сульфарсенол, арсфенамин, гирудин антикоагулянттарын пайдалану.

Алайда, 1914 жылы бразильдік дәрігер Луис Аготенің практикаға қанды консервілеу үшін нарий цитратын енгізу радикалды өзгеріс болды. Натрий цитраты – кальцийді байланыстыратын және сол арқылы ұюды болдырмайтын уытты емес антикоагулянт. Енді қанды ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік туды.

К.Ландштейнердің ашқан жаңалығы және Луис Аготенің антикоагулянтті енгізуі гемотрансфузияны экзотикалық және күнделікті медицинаның қолжетімді әдісіне айналдырды.

1928 жылы Ұлттар Лигасының гигиеналық комиссиясы Дунгерн-Гришвельдтің қан топтарын белгілеу жөніндегі халықаралық әріптік-сандық номенклатурасын бекітті.

1940 жылы К. Ландштейнер, А. Винер, Ф. Левин Резус қан топтарының жүйелерін сипаттады.

ДОНОРЛЫҚ СЕНБІ!Донорлық – бұл асыл іс, күмән жоқ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33