2022 жылғы 15 тамызда “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті

2022 жылғы 15 тамызда “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті

2022 жылғы 15 тамызда “Ана мен бала орталығы” ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті. Ана мен бала орталығы Денсаулық сақтау ұйымдары арасында тұрақты түрде донорлық күндерге қатысады. Бұл күні донорлық қан тапсыруға 50 медицина қызметкері қатысты, олардың ішінде: медбикелер, әртүрлі бейіндегі дәрігерлер де бар.

“Қан тапсыру – жанашырлықтың көрінісі және мұқтаж адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Егер денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан науқастар осындай көмекке мұқтаж болса, олардың өмірін сақтап қалу-әрқайсымыз үшін аса маңызды!”- деп атап өтті медицина қызметкерлері.

Қан құю ұзақ уақыт бойы күшті емдік агент болып саналды және кейде науқастың өмірін сақтап қалатын жалғыз құрал болып табылады. Қазіргі кезеңде клиникалық тәжірибеде тұтас қан емес, оның компоненттері, сондай-ақ қан негізінде жасалған препараттар қолданылады. Денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін донорлық қанның жеткілікті мөлшерін үнемі дайындау керек, оны жасанды жолмен өндірмейді, тек қана адамнан алуға болады.

Құрметті донорлар! Қанның бір бөлігін беру арқылы сіз басқаларға аман қалуға физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, жомарт жаныңыздың бір бөлігін бересіз. Сіз әлемді жақсы жаққа өзгертесіз және бұл ризашылыққа лайық.

Қан донорлығы – қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға ынтымақтасуҚазіргі кезеңдегі трансфузиология.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33