2022 жылдың 17 тамызында “ҮМЗ” АҚ оқу орталығында қан доноры күні өтті.
Ерікті қан тапсыру бойынша акцияға қатысу үшін кәсіпорынның 70 қызметкері жүгінді. 108 оқу кабинетінде бірінші қабатта уақытша қан алу пункті ашылды. Тексеру нәтижелері бойынша қан тапсыруға “ҮМЗ”АҚ-ның 53 қызметкері жіберілді. Әрбір донор 450 мл қан тапсырды, бұл жалпы 23 литрді құрады. Стационарлық зертханада міндетті тексеруден кейін дайындалған қан Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қан банкін толықтырады және қажет болған жағдайда Өскемен қаласы мен облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілетін болады.
Қан тапсырған барлық донорларға өзгелердің өмірін сақтап қалуға көмектескені үшін алғыс айтамыз!