Донор күні-игі істер мен ересектердің саналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі

Донор күні-игі істер мен ересектердің саналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі

2022 жылдың 22 және 24 тамызында “Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы”ШЖҚ КМК әкімшілігінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері игі іс жасады.

Біреулер үшін донорлық өмір салтына айналса, ал біреулер кейін үлкен донорлық қозғалыстың бөлігі атану үшін алғашқы рет донорлық орындыққа отырды.

Донор күні-игі істер мен ересектердің саналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі.

«Донорларға деген қажеттілік әрқашан өте жоғары. Қан компоненттері-плазма мен эритроциттер – хирургиялық оталарда, жарақаттарды, күйіктерді, ауыр онкогематологиялық ауруларды емдеу үшін және т.б. қолданылады. Донорлық қансыз кейде адамның өмірін құтқару мүмкін емес.

Біздің планетамыздың әрбір үшінші тұрғыны кем дегенде бір рет қан құюды қажет етеді. Сондықтан донорлардың көмегі баға жетпес!”- деп атап өтті облыстық аурухананың медицина қызметкерлері.

ШҚО-дағы донорлықты қолдағаны үшін “Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы” ШЖҚ КМК бас дәрігері Жигитаев Төлеген Хайруллаевичке зор алғысымызды білдіреміз.

Құрметті әріптестер, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға тапсырылған қан үшін үлкен рахмет. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық, қиын да абыройлы жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

2022 жылдың 17 тамызында “ҮМЗ” АҚ оқу орталығында қан доноры күні өтті.Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33