Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі
2022 жылғы 01 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын онлайн режимде тыңдады.
Жолдау таяу уақытта жүзеге асырылуы тиіс саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға арналды. Ел Президенті мемлекеттік институттардың қайта іске қосылғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы: “Әділетті Қазақстанды құру енді ғана басталып жатыр, алда тар жол, тайғақ кешу. Бұл курс мызғымас және ішкі және сыртқы сипаттағы кез келген жағдайда жалғасатын болады. «Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!” Бекершілік пен іріткілікке орын болмайды. Біз белгіленген жолдан тайып кетпейміз. Конституциялық реформада көзделген барлық институционалдық өзгерістерді жыл соңына дейін заң жүзінде аяқтау қажет” деп атап өтті.