Донор күндерін өткізу үшін біз жаңа ұйымдар мен кәсіпорындарды іздейміз!

Донор күндерін өткізу үшін біз жаңа ұйымдар мен кәсіпорындарды іздейміз!

Құрметті шығысқазақстандықтар! Егер сіз кәсіпорынның (ұйымның, медициналық мекеменің, оқу мекемесінің, ЖШС және т.б.) басшысы болсаңыз, онда біз осы игілікті істі яғни, донорлық күнді тікелей сіздің аумағыңызда ұйымдастыру бойынша ынтымақтастыққа шақырамыз.

Облыстық қан орталығы донорларының көшпелі күндерінің форматы өте ыңғайлы. Көшпелі бригада барлық қажеттіліктермен жабдықталған және жоғары кәсіби мамандардан тұрады, бұл ерікті донорлардан қан алуға байланысты барлық рәсімдерді жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Іс жүзінде кез-келген дені сау азамат донор бола алады, егер ол 18 жастан асқан болса, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ және салмағы 50 кг-нан жоғары болса. Донация алдында донор тегін медициналық тексеруден өтеді, оған терапевт тексеруі мен алдын-ала зертханалық зерттеулер кіреді.

Егер сіз қан орталығының көшпелі бригадасын ұйымға шақырғыңыз келсе (кәсіпорын, медициналық мекеме, оқу мекемесі, ЖШС және т. б.), онда біз сіздерді күтеміз! Ол үшін сізге менеджеріміз Мустафина Мира Ақылбековнаның телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 87057520964, 700808.

Қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өмірі үшін игі істерді бірге жасайық!

Құрметті донорлар!Хаттама №1 ИОИ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33