«Қандас бауырлар!»
Сонымен, 2022 жылғы 17-22 қазан аралығында қан орталығында Республика күніне орайластырылған «Қандас бауырлар» атты ұранмен өткен біздің донорлық акциямыз да өз мәресіне жетті. Барлық кезеңде донорлық акцияға шамамен 200 адам қатысты.
Донорлық дегеніміз– қанға мұқтаж науқастың өмірін сақтап қалу үшін, адамның өз қанын ерікті түрде беруі.
Біздің сүйікті Өскемен қаласының тұрғындарына донорлық қозғалысқа қатысқандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз және келе жатқан мерекемен, Республика күнімен құттықтаймыз!
Елімізде мәңгі тыныштық болсын!
Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін! Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!