Әлеуметтік қызметкерлерге белсенді жұмыс күндері қан тапсыру кедергі етпейді!

Әлеуметтік қызметкерлерге белсенді жұмыс күндері қан тапсыру кедергі етпейді!

2022 жылғы 14 қарашада Шәкәрім көшесі, 149/10 мекенжайында орналасқан «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қан компоненттерінің қорын толықтыру үшін қан алу бойынша донорлық күн өтті.

Бұл күні «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» КММ қызметкерлерінің және өзгенің өміріне бей – жай қарамайтын біздің қаланың тұрғындарының арқасында донорлық күнге көбірек адам қатысты.

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Мусинова Альмира Аскерхановнаға облыс бойынша өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін үлкен алғыс айтқымыз келеді.

Іс-шараны дайындауға көмектескені үшін донорлық күнді ұйымдастырушы Әділбек Жәнібекұлы Қожахметовке, мүгедектерді оңалту секторының меңгерушісіне ерекше рахмет.

Донорлық күннің барлық қатысушыларына көп рахмет!

Салауатты болашақ жастардың қолында!Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Донорлық Акция!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33