Қан банкін үнемі толтырып отыру керек!
Донорлар жыл бойы қажет, өйткені күн сайын біреуге қан құю керек. Сонымен қатар, қан компоненттерінің сақтау мерзімі шектеулі (мысалы, тромбоциттер 7 күннен аспайды), ал плазма 4 айдан кейін инфекциялардың болмауына донордың қанын қайта тексергеннен кейін ғана медициналық мекемеге беріледі. Ауруханаларда әрдайым қан қоры болуы үшін қан банкін үнемі толтырып отыру керек.
Бүгін, 2022 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қан компоненттерінің қорларын толықтыру мақсатында «Біріккен Энерго сервистік Компания» АҚ – ның ұжымы өз кәсіпорнында донорлық күн ұйымдастырды.
Бүгінгі іс-шараға қатысушылардың көпшілігі алғаш рет донор болды және донорлық жолын енді ғана бастады, сондай – ақ біз алғашқы донорлық тәжірибе олар үшін жақсы дәстүрдің бастауы болады деп сенеміз!
Біз донор күніне қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз және жыл сайын қанға мұқтаж жандарға көмектескісі келетіндер көбейеді деп үміттенеміз!