Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2022 жылғы 15 желтоқсанда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2022 жылғы 15 желтоқсанда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 2022 жылғы 15 желтоқсанда «Қан тапсыр – өмір сыйла!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Акцияның мақсаты – қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастардың өміріне бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақыру.

Құрметті достар, жұмыс күніне қарамастан «Донация» атты игі іске уақыт тауып, қан тапсыруға келгендеріңізге көп рахмет. Біз әрбір донорды бағалаймыз және «РАХМЕТ» айтамыз, өйткені бір-бірімізге көмектесу және қолдау көрсету арқылы ғана пациенттердің өмірін сақтай аламыз.Бұл күні барлық өтеусіз донорларға серіктесіміз «EiraMed» ЖШС-нің сыйлықтары табыс етілгенің атап өткім келеді.

Бұл әлемді мейірімділікке толтыра алатын адамдар баршылық. Құрметті донорлар, сіз де солардың бірісіз. Жарқын ізгілік нұрын төгіп, науқастардың өмірін сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқаныңыз үшін рахмет. Сіздерге мың алғыс!

Сіз донор боламын ба, әлде жоқ па деп ойланып жүргеніңізде, ШҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қан тапсырды!Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33