РИЗАШЫЛЫҚПЕН
Алғыс айту-адамдықтың нышаны. Біреуге алғыс айту, біреуден алғыс алу, құлаққа жағымды ізгі тілек тыңдау – кез келген жеке адам үшін де, жалпы қоғам үшін де көңілге шуақ сыйлайтын әрі ешқашан артық болмаған, артық болмайтын жақсы амал. Алғыс айту — негізі адами құндылыққа жатады. Белгілі бір нәрсеге көмек берген адамға рахметін айтып, алғысын білдіру парыз болып саналады. Сіз ризашылық – бұл өмірді өзгерте, жақсарта алатын және сонымен бірге әлемге жағымды энергияны бағыттай отырып, басқаларға көмектесетін ең күшті құрал екенін білесіз бе? Бұл ризашылықтың күші!
Құрметті донорлар! Көңіл бөлгеніңіз, жылы сөздеріңіз бен шынайы тілектеріңіз үшін көп рахмет! Донорлардан алғыс сөз есту бізге әрқашан жағымды. Сізге барлық тілектеріңіздің орындалуын, сәттілік, амандық және жан дүниеңізге тыныштық тілейміз. Қанның бір бөлігін беру арқылы сіз басқаларға физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, мейірімді, жарқын және жомарт жаныңыздың бір бөлігін бергеніңізге алғыс білдіреміз. Сіз әлемді жақсы жаққа өзгертесіз және бұл ризашылыққа лайық!