Ирина Александровна, құрметті демалысқа шығуыңызбен!
Бүгін ШҚО қан орталығының ұжымы тағы бір қызметкеріміз – қойма меңгерушісі Байкова Ирина Александровнаны құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Ирина Александровна қан орталығына еңбек жолының 35 жылдан астам уақытын арнады.
Қызметіне көп жылдарын арнаған әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу – өте маңызды және көңіл толқытарлық сәт. Сонымен қатар, бұл сәт өмір жолының белгілі бір сатысына қорытынды жасай отырып, өмірдің өзгеше жаңа бір сатысына бет бұру болып табылады.
Құрметті Ирина Александровна, қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Сізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыңызға амандық тілейміз!