Өрт сөндірушілер тағы да ШҚ ОҚО қан қорын толықтырды
Өртке қарсы қызметтің өрт сөндірушілері қан орталығы ШҚО төтенше жағдайлар Департаментімен (бұдан әрі – ШҚО ТЖД) бірлесіп өткізген донорлық күнге қатысты. Өрт сөндірушілер үшін мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналды және №7 өрт сөндіру бөлімінде бірінші рет өткізілмейді.
Қан тапсыру процедурасымен кейбір өрт сөндірушілер бұрыннан таныс болса, араларында бірінші рет қан тапсыратындар да болды. Мысалы, жас маман Карпатов Есбол. Мұндай іс-шараға қатысуға шақырылған кезде, ол ойланбастан: «Бұл игі іс, жақсылық жасау жағымды, қан тапсыру арқылы менің қаным біреудің өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін», – деп келісті.
Белгілі болғандайАйгерим Жансарова, ШҚ ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ дәрігері, қанды бірінші рет тапсырып тұрған жоқ:
«Біздің жұмысымыз адамдарды құтқарумен байланысты. Ант қабылдау арқылы біз оны жұмыс уақытынан тыс уақытта да сақтауымыз керек, сондықтан біздің ұжым әрқашан осындай іс-шараларды қолдауы қажет.»
Біз ШҚО ТЖД – нің донор-қызметкерлеріне донорлық қозғалысқа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
Біздің жүгінуімізге олар бірден жауап береді! Шығыс Қазақстан облысы бойынша ШҚО ТЖД – нің қызметкерлері мен жауынгерлері пациенттердің өмірін сақтап қалуда қан мен оның компоненттерін үнемі тапсырады! Сіздерге көп – көп рахмет!