Қымбатты донорларымыздан алғыс сөздер келіп түсуде
Біздің тұрақты донорымыз Жарымқанов Ермек Жарымханұлының алғыс сөздері:
«Құрметті қан орталығының қызметкерлері, донорларды жинақтау бөлімінің қызметкерлері дәрігер-терапевт Қайрақпаева Гаухар Капбасқызына, медициналық тіркеуші Шашкина Татьяна Ивановнаға және қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің қызметкерлері медбике Шүкірхан Динара Айдынқызына, Чериязданова Альбина Бөкейханқызына және санитар Кашигина Ирина Владимировнаға өздеріне жүктелген міндеттерін жоғары сапалы деңгейде атқарғандарына, донациялау кезінде көрсеткен мейірімділіктеріне, кәсіби біліктіліктеріне және жауапкершіліктеріне шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Сіздерге көп рахмет».
Ал біз, өз кезегінде Сіздің жылы лебізіңізге және шынайы тілегіңізге көп рахмет айтамыз! Өмірді сақтап қалуға көмектескеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, сәттілік, бақыт тілейміз!