Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы

Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы

Бүгін, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз керемет әйел, сүйікті жар, қамқор ана, өз ісінің кәсіби маманы Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы туралы айтқымыз келеді.

Сандуғаш Мұратқызы институттан кейін еңбек жолын біздің қан орталығынан  бастады, 20 жылдан астам уақытын қан қызметіне арнады. Біздің “бұрынғы” қызметкерлеріміз айтқандай, ол “жөргектен бастап” қан орталығында жұмыс істейді. Өз жұмысын қан дайындау бөлімінде дәрігер-терапевт ретінде бастаған ол кәсіпорын шығаратын қан компоненттерінің барлық түрлерін, соның ішінде аппараттық аферез әдістерімен қан компоненттерін дайындауды жақсы меңгерген.  2018 жылдан 2022 жылға дейін Сандуғаш Мұратқызы кәсіпорынның маңызды функцияларының бірі – өндірілген қан компоненттерінің құюға жарамдылығын анықтайтын қан компоненттерін карантиндеу, жою және уақытша сақтау бөлімін басқарды. Бүгінгі таңда Сандуғаш Мұратқызы қан орталығының  донорларды жасақтау бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Дәл осы бөлімшенің қызметкерлері (тіркеушілер) донорларды қан орталығының қабырғаларында бірінші болып қарсы алады, қажетті құжаттарды рәсімдейді. Оның басшылығымен бөлімше мамандары халық арасында донорлықты дәріптеу бойынша жұмысты жүзеге асырады, донорларды медициналық куәландыруды, донациялауға рұқсат беруді немесе одан бас тартуды, психоәлеуметтік консультация өткізуді орындайды.

Сандуғаш Мұратқызы трансфузиолог – дәрігер мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие, Қазақстан Республикасында да, шетелде де өндірістік және клиникалық транфузиология мәселелері бойынша өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Ол Шығыс Қазақстан облысының “Трансфузиологтар қоғамы” РҚБ филиалының басшысы болып табылады, клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Оның көпжылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері әріптестері арасында құрметке ие болып қана қоймай, әртүрлі марапаттарға ие болды.

Қажырлы еңбегі, жұмысындағы жоғары көрсеткіштері үшін Сандуғаш Мұратқызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды, бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының және кәсіпорынның грамоталарымен марапатталды.

Құрметті Сандуғаш Мұратқызы, Сізді 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бақыт пен жақсылық,  байлық пен сәттілік, көктемгі көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз!

«Ал, кәнекей қыздар!» атты ұранмен өткен дәстүрлі донорлық акцияДонорлық күні «Өскемен ЖЭО» ШЖС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33