Біз сені мақтан тұтамыз!

Біз сені мақтан тұтамыз!

Біз Сізді мақтан тұтамыз! Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Бүгін біз осындай жандардың бірегейі, қан орталығының бас медбикесі Булгакова Наталья Васильевна туралы айтпақпыз.

Булгакова Н.В. 1991 жылы Өскемен медициналық училищесін “Фельдшер”мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы РФ ДСМ Сібір мемлекеттік медицина университетін “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша бітірді. Ол қан орталығында 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның белсенді қатысуымен инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа мұздатылған плазманы карантинде сақтаудың нақты жүйесі енгізілді. 2012 жылы қан компоненттерін карантиндеу, ақауға шығару және уақытша сақтау бөлімінің аға фельдшері лауазымына тағайындалды. Наталья Васильевна-жас мамандардың тәлімгері. Жанкешті еңбегі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының және кәсіпорынның грамоталарымен марапатталған. “Емдеу ісі’ мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын иемденген.

Наталья Васильевна бас медбике лауазымына 2018 жылы тағайындалды. Бүгін “Мейірбике күнін” мерекелеуге арналған облыстық салтанатты іс-шарада көп жылғы және адал еңбегі, кәсібилігі, кәсіподақ жұмысына танытқан белсенділігі үшін Наталья Васильевна ШҚО денсаулық сақтау басқармасының және денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталды.

Құрметті Наталья Васильевна, сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыстар және сәттілік тілейміз!

ШҚО ҚАЖД донорлық күніӨскемен қаласы мен облыс тұрғындарын ГДЖ донорлары қатарына қосылуға шақырамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33