Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарын ГДЖ донорлары қатарына қосылуға шақырамыз!

Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарын ГДЖ донорлары қатарына қосылуға шақырамыз!

Гемопоэздік дің жасушалары (бұдан әрі-ГДЖ) (оларды көбінесе сүйек кемігі жасушалары деп те атайды) әр адамның сүйек кемігінде, оның ішілік дамуынан бастап пайда болады және көбейеді.Олардан адамның барлық қан жасушалары – эритроциттер, лимфоциттер, тромбоциттер, миелоциттер және басқалар пайда болады. Бұл жасушалардың сүйек кемігі мен иммундық жүйенің зиянды әсерінен зақымдалған функцияны қалпына келтіру қабілеті өлімге әкелетін тұқым қуалайтын және жүре пайда болған иммун тапшылығын, метаболикалық ауруларды, гематологиялық және онкологиялық ауруларды емдеуге уәде берді.

Гемопоэздік дің жасушалары (бұдан әрі-ГДЖ) туралы ақпаратты толығырақ келесі посттан оқи аласыздар.

Құрметті шығысқазақстандықтар, егер сіздер ГДЖ донорлары қатарына қосылғыңыз келсе, сіздерді 2023 жылдың 16, 17 мамырында зертханалық тексеру үшін облыстық қан орталығына шақырамыз.

Гематологиялық және онкологиялық аурулары бар науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қан донорлығынан ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ 18 жастан асқан және 45 жастан кіші кез келген адам ГДЖ доноры бола алады.

Біздің мекен-жайымызды естеріңізге саламыз:Өскемен қ.,Көкжал барақ к-сі,11
Қан орталығына № 17, 26, 46, 260 автобустарымен келуге болады.

Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 70-08-08, 70-38-38, 8 705 798 59 40, 8 705 752 09 64

Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжатыңыз болуы қажет!

Біз сені мақтан тұтамыз!Гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы (ГДЖ) туралы қате түсініктер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33