Сапаны сыртқы бағалау – зертханалық зерттеулердің сенімділігі

Сапаны сыртқы бағалау – зертханалық зерттеулердің сенімділігі

Сапаны сыртқы бағалау (ССБ) қан қызметінің сапасын бақылау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ССБ бағдарламалары бүкіл әлемде зертханалар өздерінің сынақ жүйелерінің жұмыс параметрлерін мерзімді бақылау үшін пайдаланатын құнды құралдар ретінде қабылданады. ССБ жүргізу кезінде зертхананың аналитикалық сапасы бірдей әдістер мен өлшеу құралдарын қолданатын басқа зертханалармен салыстырғанда бағаланады. Күнделікті сапаны бақылау процедураларымен бірге бұл сыртқы бағдарламалар зертханаларға зерттеу нәтижелерін беру кезінде қосымша сенімділік бере алады.

Біздің қан орталығымызда зертханалық зерттеулерді Астана қ. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы жүргізеді, сондай-ақ біз жұқпаларды диагностикалау, иммуногематология, гематология және биохимия бойынша EQAS (Bio Rad, АҚШ) бағдарламаларының қатысушылары болып табыламыз. ССБ-ға қатысу біздің өндірістік қызметіміздің стандарттарын бақылауға және арттыруға көмектеседі. ССБ нәтижесінде алынған ақпарат біздің зерттеуіміздің сапасын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, ССБ қанды қауіпсіз ету үшін өте маңызды.

(RU) Протокол №2Алкогольдің қан донорлығымен сәйкессіздігі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33