Акатаева Гүлназ Ерікқызы

Акатаева Гүлназ Ерікқызы

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз «Арамыздағы батырлар» сериясын шығарып жатырмыз, онда біз «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері туралы айтатын боламыз.

Бүгін біз сіздерді жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының маманы – Ақатаева Гүлназ Ерікқызымен таныстырамыз. Жұқпаларды диагностау зертханасының маманы Акатаева Гүлназ Ерікқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде жоғары білім алды. Университетті бітіргеннен кейін 2020 жылы Гүлназ Ерікқызы қан орталығына жұқпаларды диагностау зертханасының маманы лауазымына жұмысқа келді. Қысқа уақыт ішінде ол Cobas 201, Architect 2000/1000 жоғары технологиялық заманауи жабдықта жұмыс істеуді үйренді, зерттеу әдістерін – ИФТ, ИХЛТ және ПТР игерді. Жұқпаларды диагностау зертханасындағы жұмыс аймақтағы емдеу мекемелерін қанның жұқпалық қауіпсіз компоненттерімен қамтамасыз ету үшін құрылған.

Гүлназ Ерікқызы зертхана маманы пациенттерді емдеу тізбегіндегі қажетті буын болып табылатын және олардың сауығуында шешуші рөл атқаратын медицинадағы маңызды мамандықтардың бірі деп санайды. Гүлназ Ерікқызы өзінің біліктілігін үнемі арттырып,зертханалық диагностика саласындағы білімін кеңейтетін белсенді, мақсатты және сауатты маман.Бүгінгі таңда ол мұнымен тоқтап қалмай, оқуын жалғастырып, магистратурада білім алуда.

ХабарландыруСенің күнің, Донор!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33