14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні

Құрметті Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, қонақтары!

Биыл 14-інші маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнің бүкіл әлемде «Қан тапсыр, плазма тапсыр, адамдарға өмір сыйла және мұны жиі жаса!» атты ұранмен атап өтеді. Бұл күні біз адам өмірін сақтап қалу үшін ерікті түрде қан тапсыруға ниет білдірген барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз және тұрғындар арасында үнемі қан тапсыру қажеттілігі туралы хабардар етеміз.

Осындай айтулы күні, 2023 жылғы 14 – інші маусымда “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК – да қайырымдылық акциясы, Донор күні өтеді, онда әрбір адам өтеусіз қан тапсыра алады.

Акция барысында барлық өтеусіз донорларды:

1. ШҚО мәдениет басқармасы «Ертіс концерт» КМҚК әртістерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама;
2. Серіктестеріміздің дайындаған сыйлықтары;
3. Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалының мерекелік үстелі Сіздерді таңқалдырады.

Донорларды қабылдау сағат 8.00 – ден 13.00 – ге дейін. Концерттік бағдарламаның басталуы сағат 10:00-де.

Біздің мекен-жайымыз: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, ЖМК ауданы, Көкжал Барақ көшесі, 11. Қан орталығына №46, 260, 17, 26 автобустармен келуге болады «Қан орталығы» аялдамасы, анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 87051761801, 87051761799, 87055005632, 87055005819, 87057520964.

Жеке куәліктің түпнұсқасының болуы міндетті!!

Достар, қан тапсыруға жақындарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды және әріптестеріңізді шақыруды ұмытпаңыздар!!

Боровикова Анна АндреевнаТунгатова Калима Нуксынкановна

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33