Донордың жеке кабинеті
Құрметті донорлар! Бізде керемет жаңалық бар! Сізге ыңғайлы болу үшін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК vkock.kz ресми сайтында «Донордың жеке кабинеті» пайда болды.
Жеке кабинетті пайдалана отырып, Сіз қан орталығына жасаған сапарларыңыз туралы ақпаратты – донацияның қашан және қандай түрін жүзеге асырғаныңызды оңай қарай аласыз. Сонымен қатар, Сіз зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы анықтама алу үшін қан орталығына баруға қымбат уақыт жұмсамайсыз, донацияның кез келген күніндегі барлық нәтижелерді тек қарап қана қоймай, жеке кабинеттен де басып шығара аласыз. Толық зертханалық зерттеу нәтижелері донациядан кейін 24 сағаттан кейін ғана қол жетімді болатындығын хабарлаймыз.
💁🏻♀️ Жеке кабинетте қан орталығында сауалнама жүргізу кезінде Сіз көрсеткен телефон нөмірі пайдаланылатынына назар аударыңыз.