«PoolCity» донорлық акция

«PoolCity» донорлық акция

Бүгінгі ҚР Конституциясы күніне және қала күніне арналған біздің донорлық акциямыз серіктестерімізбен бірге өтті, олардың бірі – “PoolCity” балалар бассейні орталығы. Мереке қарсаңында “PoolCity” тату ұжымы біздің донорлардың балаларына бассейнде сынақ сабағына сыйлық сертификаттарын берді.

Жүзу адам ағзасына керемет оң әсер етеді. Бұл денсаулықты нығайтуға, шыдамдылықты дамытуға, батылдық сезімін және тағы басқаларға ықпал етеді. Физикалық жаттығулардың барлық түрлерінің ішінен жүзу екі тән қасиетке ие: жүзу кезінде жүзгіштің денесі суда болады және адам жаттығулар жасайды. Жаттығулардың барлық жиынтығы адамның жақсаруына әкеледі және иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Жүзу әсіресе балаларға пайдалы. Сарапшылар балаларды ерте жастан бастап жүзуге үйретуді ұсынады. Балалық шақта жүзу суық тиюдің, жүрек-қан тамырлары ауруларының және басқа аурулардың, сондай-ақ дене мүсінінің бұзылуының алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, жүзу, жалпы дене шынықтыру сияқты, баланың шешімділігін, тәртіптілігін, тәуелсіздігін және басқа да жеке қасиеттерін дамытады. Сондай-ақ, бала кезінен жүзумен айналысатындардың дене бітімі түзу, тік екендігі байқалады. Жүзу-ең керемет спорт түрлерінің бірі сондықтан қымбатты достар, егер мүмкіндігіңіз болса, балаларыңызды жүзуге апарыңыз!

“PoolCity” балалар бассейнінің директоры Анна Ананинаға өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сізге және сіздің бірлігі жарасқан тату ұжымыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

”Бачата және Зумба”Қанмен байланысты апаттық жағдайларды жою

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33