«Оқушыларды қан донорлығымен таныстыру»
2024 жылдың 14 наурызында «Нұрорда» мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының мамандары кәсіпорын бойынша экскурсия өткізді. Қан орталығымен, донорлық тарихымен және онымен байланысты барлық нәрселермен танысудан басқа, біздің жас қонақтар инфекцияларды анықтау үшін қандай жаңа технологиялар қолданылатынын, қан мен оның компоненттері қанша тексеру кезеңнен өтетіндігін білді. Балалар қан тобын анықтау үдерісін, донация үдерісін, түрлі медициналық аппаратураның жұмысын қызығушылықпен тамашалады, сондай-ақ біздің донорлармен жеке сөйлесті.
Оқушылар орталықтың әртүрлі залдары мен кабинеттерін аралап, мамандардың жұмысын бақылап қана қоймай, оларды қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алды.
Экскурсия біздің қонақтарға өте ұнады, ал кейбір балалар болашақта адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қан доноры болатынын.