Өмір сүруге үміт сыйлаған полицейлер!

Өмір сүруге үміт сыйлаған полицейлер!

10 сәуір, Ораза айт басталған күні Өскемен қаласы полиция басқармасының қызметкерлері өз ұйымдарында өтеусіз қан тапсыру бойынша «Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция ұйымдастырды.

«Үнемі, күн сайын біреуге донорлық қан, адамның мейірімді жүрегі қажет. Кейде көп нәрсе сізге, сіздің шешіміңізге байланысты. Дені сау адамға 450 мл қан беру түкке тұрғысыз болса, алайда біреу үшін бұл қан баға жетпес сыйлық болуы мүмкін. Біз соңғы 10 жыл бойы ШҚО-да қан донорлығын белсенді қолдап келеміз және бұған өте қуаныштымыз. Өйткені, біреуге өмір сыйлау- ең құнды сыйлық!»- деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Қан тапсырған сайын донор біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді,  сонымен бірге ол адам елеусіз қалмайды,  өйткені адамның әлемге сыйлаған жақсылығы міндетті түрде өзіне еселеп қайтады. Донорлық тек медициналық процедура емес. Бұл біздің өмірімізді сәл жақсартудың ең оңай және қол жетімді әдісі!

Акцияның барлық қатысушыларына «Қан донорлығы» атты игі істі қолдағандары үшін үлкен рахмет! Баршаңызға Ораза Айт  мерекесі құтты болсын!

 

Протокол итогов №8-ЗЦПОбъявление №9 ЗЦП

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33