«Қазақстан-біздің ортақ, мейірімді үйіміз!»

«Қазақстан-біздің ортақ, мейірімді үйіміз!»

Қазақстан-150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын көпұлтты мемлекет. Бұл халықтарды біріктіру үшін ел Үкіметі түрлі іс – шаралар өткізуде, олардың бірі-Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу. Ресми мереке күні-1 мамыр. Кеңес заманында бұл күні барлық еңбекшілердің ынтымақ мерекесі аталып өтті. Бүгін-Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігі мерекесі.

Бүгін мереке қарсаңында облыстық қан орталығында «Қазақстан-біздің ортақ, мейірімді үйіміз!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Акцияның мақсаты – азаматтардың назарын қан тапсыру мәселесіне аудару, себебі ауру барлық ұлт өкілдері мен түрлі мәдени дәстүрлерді таңдамайды.

Бұл күні 40 тан  астам адам қан доноры болды және осылайша қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесті. Мереке құрметіне біздің донорлар серіктесіміз «ОЛИМП КДЗ» ЖШС – нің  атаулы дәптершесін алды.

Облыста өтеусіз қан донорлығын қолдағаны және науқастарға көмек көрсеткені үшін донорларымызға зор алғысымызды білдіреміз. Өйткені, тек бірлік пен өзара көмек кез-келген қиындықты жеңуге көмектеседі! Келе жатқан мерекелеріңізбен, қымбатты шығысқазақстандықтар!

 

Протокол итогов №1 ИОИКім гемопоэтикалық дің жасуша доноры бола алады?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33