«Қазмырыш МК» ЖШС-де донор күндері өтті

«Қазмырыш МК» ЖШС-де донор күндері өтті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерімен қамтамасыз ету үшін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚОҚО) Өскемен қаласы мен облыс ұйымдарында тұрақты негізде донор күндерін өткізеді.

2024 жылғы 15 және 16 мамырда «Қазмырыш» МК ЖШС-де осындай донорлық күндері өтті.

«Қазмырыш» – мырыш, бағалы металдар мен қорғасынның ірі өндірушісі. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан.

Қан тапсыруға және науқастарға көмектесуге ниет білдірген Қазмырыш қызметкерлері мырыш өндірісінің №2 денсаулық пунктіндегі «Амбулаториялық орталық» мекемесіне жиналды. Донор күндерінде қан тапсырғысы келетіндерден ешқандай үзіліс болған жоқ. Кейбір адамдар қан тапсыруға алғаш рет келді, ал басқалары үшін тұрақты донациялар бұрыннан таныс болды.

Ынтымақтастық жылдарында 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 1000-нан астам қызметкер қан тапсырды, шамамен 500 литр қан жүзден астам адамның өмірін сақтап қалды.

ШҚ ОҚО «Қазмырыш МК» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Лазарев Андрей Павловичке және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарманың әлеуметтік қолдау қызметіне көп жылғы жемісті ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, донорлық қозғалысты дамыту мен танымал ету ісіне белсенді үлес қосқаны, сондай-ақ донор күнін дайындау мен өткізу кезінде көрсеткен баға жетпес көмегі үшін зор алғысын білдіреді.

Мониторинг(RU) Объявление №11 ЗЦП

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33