Мейірімділік пен жауапкершілік!
Бүгін облыстық қан орталығына ШҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері келді. Қонақтардың орталыққа келудегі мақсаты-қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін дәстүр бойынша өтеусіз қан тапсыру.
20-дан астам адам игі іс жасап, өз еркімен қан тапсыруға келді. Осы іс – шараның идеялық шабыттандырушысы және ұйымдастырушысы-Департамент басшылығы.
«Біз әрқашан қан орталығының шақыруымен қан тапсыруға келеміз, өйткені бүгінгі күні донорлық қанды алмастыруды ешкім ойлап таппағанын және гемокомпоненттерді құюды қажет ететін науқастарға тек адамдар ғана көмектесе алатынын білеміз!»- деп атап өтті департамент қызметкерлері.
Тұрақты және ерікті түрде қан тапсыру-бұл әркім өз қоғамын және жергілікті денсаулық сақтау жүйесін қолдау және өмірді сақтауға көмектесу үшін жасай алатын қарапайым, бірақ үлкен қадам. ШҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ұжымына ШҚО-да өтеусіз қан донорлығына көмек пен қолдау көрсеткені үшін зор алғысымызды білдіреміз!