«Донорлар-балаларға» атты ұранмен өткен донорлық акция
Жаздың бірінші күні көптеген елдерде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл мереке – ең көне халықаралық мерекелердің бірі.
Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата – аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу. Балалардың денсаулығы көбінесе әлсіз болып келеді. Донорлық қанның көмегінсіз қан ауруларымен, онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеу мүмкін емес. Қан мен оның компоненттерін тапсыруға ниет білдірген адамдардың жанқиярлық ниетінің арқасында аймақтағы денсаулық сақтау мекемелері трансфузиялық терапия үшін қажетті компоненттерді алады, осылайша ересектер мен балалардың өмірін сақтауға көмектеседі.
Бүгін, 2024 жылғы 31 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Донорлар – балаларға» атты ұранмен донорлық акция өтті. Бұл күні 35 шығысқазақстандықтар ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылып, қан компоненттерінің қорларын толықтыру үшін 15 л тапсырды.
Донорларымызға балаларға сыйлаған өмір үшін зор алғысымызды білдіреміз! Өйткені, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау ересектер үшін маңызды міндет болып табылады!