Шаруашылық бөлімінің құрамы:
Прокопенко Владимир Анатольевич ғимараттарға, құрылыстарға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысшы
Баянжанова Анар Тусупжановна сырлаушы-сылақшы
Каламов Мурат Касымханович аула сыпырушы
Оразбек Куанышбек жұмысшы
Жубанканов Нурлан Айдарханович қосалқы жұмысшы
Злыдарев Анатолий Юрьевич сантехник
Шаруашылық бөлімнің негізгі міндеттері:
қан орталығы бөлімшелеріне шаруашылық қызмет көрсету; қан орталығының ғимараттарын, үй-жайлары мен аумағын өнеркәсіптік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларына сәйкес тиісті жағдайда ұстау; жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізу және жылыту, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерін, желдету және ауа баптау жүйелерін техникалық жарамды күйде ұстау.
Шаруашылық бөлімнің қызметтері:
1) үй-жайларды жөндеуді жоспарлау, ұйымдастыру, оны жүргізу сапасын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдау;
2) жарықтандыру, жылыту, желдету және кәріз жүйелерінің жай-күйін бақылау, осы жүйелер жай-күйінің белгіленген нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
3) ұйым бөлімшелерін жиһазбен, шаруашылық Мүкәммалмен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуына және уақтылы жөндеу жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
4) ұйымға іргелес жатқан аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың қасбеттерін, өту жолдарын және т. б. безендіру жұмыстарын жүргізу.