14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні

Бүгін, 2024 жылғы 14 маусымда бүкіл әлем Дүниежүзілік қан доноры күнінің жиырма жылдығын атап өтті. Бұл жетістіктерді бағалаудың, проблемалар туралы ойланудың және қауіпсіз қан құюдың көпшілікке қолжетімді болатын болашағын елестетудің маңызды себебі. Биылғы жылы жаһандық науқан «20 жыл риясыз қуанышқа кеңелтуде: рахмет сіздерге, қан донорлары!» атты ұранмен өтуде. Науқан  қан тапсырудың 20 жылдық мерейтойына және оның пациенттер мен донорлардың өміріне ықпал етуіне  арналған. Бұл науқан бүкіл әлемдегі қан, плазма және тромбоциттер донорларына құтқарылған өмір  үшін алғыс білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол көбірек адамдарды жаһандық қан тапсыру қозғалысына қосылуға ынталандыру арқылы әрекетке шақырады.

Жыл сайын бұл күні облыстық қан орталығы өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысқан, өтеусіз донорларды құрметтеуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізеді. Биылғы жыл да сол дәстүр орын алды. Таңертеңнен бастап бірінші қабатта сазды әуен ойнап, облыстық қан орталығының қызметкерлері «Қан тамшысымен» бірге барлық донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бұл күні донорлар біздің серіктесіміз “Карнавал” жасаған фотоаймақты пайдаланып, естелік фотосуреттерге түсе алды. Екінші қабатта Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының қолдауымен мерекелік дастархан жайылды. Әрине, ең бастысы, осы күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз донациядан кейін серіктестерімізден сыйлықтар алды, бірақ бұл туралы келесі жазбамызда айтып береміз. Демеушілерге сілтеме.

Бұл күні салтанатты жиында «Донор – өмір сыйлаушы!» атты балалар байқауының жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді . Сондай-ақ, өткен жылы үнемі қан тапсырған донорларға «Ең  белсенді донор 24/7», «Жедел әрекет ететін  донор», «Тромбоциттердің ең белсенді доноры» және «Донорлық әулет» номинациялары бойынша мадақтамалар табыс етілді. Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған мерекені өткізуге  белсенді ат салысқан біздің серіктестеріміз қан орталығы басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Құрметті біздің донорлар, Сіздерді осынау тамаша мереке – Дүниежүзілік қан доноры күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз. Сондай-ақ жағымды естеліктерге айналатын қуанышты сәттеріңіз көп болсын демекпіз!

ВК ОЦК қызметкерлерін салтанатты құттықтауТектіліктің шегі жоқ!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33