Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті.
ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» талаптарына сәйкес әзірленді және медициналық қызметтер көрсету кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар, қызметті ақпараттық – талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жүйесін білдіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сәтті іске асыру үшін 2024 жылғы 13 маусымда ШҚ ОҚО қызметкерлері үшін оқыту семинары өткізілді. Комплаенс-офицер Г. Дюсупова қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі нысаналы индикаторларымен таныстырды, сондай-ақ ШҚ ОҚО қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзушылықтары туралы хабардар ету тәртібі туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті екенін ШҚ ОҚО – ның әрбір қызметкері түсінуі және есте сақтауы тиіс.