Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының жұмысы

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының жұмысы

 

Бүгін 2024 жылдың 26 – ыншы шілдесі күні «Алтай» облыстық телеарнасында «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының жұмысы» атты тақырыпта  тікелей эфир өтті.

Осы тақырыпты қамту үшін студияға ШҚО қан орталығының директоры Шмурыгина Светлана Александровна шақырылды.

Бұл күні облысымыздың денсаулық сақтау жүйесіндегі Қан орталығының рөлі, оның медициналық мекемелермен, оның ішінде аудандық деңгейдегі өзара іс-әрекеті; өңірдегі қан донорлығы мәселелері; қан компоненттерін өндіруде заманауи технологияларды қолдану; орталықта инновациялық зертханалық зерттеулер жүргізу, олардың ШҚО үшін бірегейлігі сияқты тақырыптар қозғалды.

«Облыстық қан орталығы-бірегей мекеме деп сеніммен айтуға болады. Бұл Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан компоненттерін өндіретін тұтас «фабрика». Науқасқа донордан тікелей қан құйылған күндер артта қалды. Бүгінгі таңда донордан алынған 450 мл мөлшеріндегі  қан одан әрі компоненттерге бөлінеді және олар реципиенттерге құю үшін қолданылады. Бүгінгі таңда облыстың және жалпы республиканың қан қызметінің алдында қан дайындау көлемін ұлғайту емес, оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ерікті және ақысыз қан тапсыруды құптайды. Өйткені мұқтаж жандар ақша үшін қан тапсыратыны бұрыннан байқалған. Ал кейбіреулері қан арқылы жұғатын ауруларын әдейі жасырады. Демек, қанның ең қауіпсіз көзі – тұрақты және тегін қан тапсыратын ерікті донорлар.Төлем мәселесін алып тастау ерікті донорлық үшін айтарлықтай үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өйткені бұл жағдайда донорлардың жалғыз мотивациясы адам ынтымағы мен әлеуметтік қолдау болып табылады!»- деп атап өтті Светлана Шмурыгина.

Тікелей эфирдің толық шығарылымын кәсіпорынның vkock.kz ресми сайтынан «біз туралы БАҚ» бөлімінен көруге болады

 

 

 

Ержан Кабдуакитович Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!“Жаңа Қазақстан”

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33