Қан тапсыру- өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын және әлеуметтік жауапты азаматтардың игі әрекеті.

Қан тапсыру- өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын және әлеуметтік жауапты азаматтардың игі әрекеті.

2024 жылғы 14 тамызда «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК – ның медицина қызметкерлері мен әкімшілік қызметкерлері игі іс жасады. Біреу үшін донорлық өмір салтына айналса, ал біреу кейінірек үлкен донорлық қозғалыстың бір бөлігі болу үшін, алғаш рет донорлар қатарына қосылды.

Донор күні – игі істер мен ересектердің мағыналы іс-әрекеттерінің нағыз мерекесі. «Донорларға деген қажеттілік әрқашан өте жоғары. Қан компоненттері – плазма және эритроциттер-хирургиялық оталарда, жарақаттарды, күйіктерді емдеу үшін қолданылса, сондай – ақ,  трансплантацияда да қажет. Қан тапсыру-өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын және әлеуметтік жауапты азаматтардың игі әрекеті. Донорлық қансыз кейде адамның өмірін сақтап қалу мүмкін емес. Біздің жер шарымыздың әрбір үшінші тұрғынына кем дегенде бір рет қан құю қажет болады. Сондықтан донорлардың көмегі баға жетпес!» – деп атап өтті облыстық аурухананың медицина қызметкерлері.

ШҚО-да донорлықты қолдағаны үшін «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы»  ШЖҚ КМК – ның медицина қызметкерлеріне  зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

№14 хабарландыру БҰСМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33