Әкімшілік

Директор Шмурыгина Светлана Александровна

Туған жері: ШҚО, Өскемен қаласы

Ұлты: орыс

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек  өтілі: 32 жыл

 Білімі: жоғары

1985-1991 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында «Педиатрия» мамандығы бойынша оқыды, Ленин стипендиаты

2018-2019 жылдары Қазақстан-Америка еркін университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алды (бакалавр)

Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады: Израильде Хаима Шибы медициналық орталығында «Израиль денсаулық сақтау басқармасы» «Трансфузиология» тақырыбы бойынша, АҚШ-тың Сиэттл қ.Пуджет-Саунд қан орталығының базасында «Қан қызметіндегі сапаны басқару» тақырыбында өзінің кәсіби білім деңгейін жетілдірді.  Египетте, Германияда, Ресейде, Португалияда, Бангкокта қан қызметі бойынша халықаралық конгрестерге қатысты.

Соңғы 5 жылда оқыған оқуы:

2019 ж. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқыды, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.

2020 ж Өскемен қаласы  “Шаңырақ медиация орталығында өткен  “Келісім комиссияларының тиімді жұмысы, еңбек дауларының алдын алу» тақырыбында өткен  семинарға  қатысты.

2021ж. Нұр-сұлтан қаласындағы “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен ІХ республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.

2021 ж. Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы «Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу әдіснамасы» тақырыбында өткен  семинарға қатысты.

Тілдерді меңгеруі: орыс (ана тілі), неміс және қазақ тілдерін сөздікпен.

Еңбек қызметі ( бүгінгі күнге дейін):

1993-1996 жылдары Өскемен қаласының № 2 қалалық балалар ауруханасы, учаскелік педиатр

1996-1998жж. Өскемен медициналық колледжі, жүйке ауруларының оқытушысы

1998-1999 жылдары Өскемен қаласының № 2 қалалық балалар ауруханасы, учаскелік педиатр

1999-2000 ж. ж. № 2 қалалық аурухананың  қайта ұйымдастырылуына байланысты Өскемен қ. «Авиценна» Отбасылық амбулаториясы мекемесіне жалпы практика дәрігері болып ауыстырылды

2000 жылдың шілде айынан бастап «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» КМҚК дәрі-дәрмек өндіру бөлімінің дәрігер-зертханашысы, 2002 жылдан бастап дәрі – дәрмек өндіру бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылғдың маусым айында  ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен С. А. Шмурыгина штаттан тыс облыстық бас трансфузиолог лауазымына тағайындалды.

2021 жылдың  наурыз айынан  бастап ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен С.А.Шмурыгина Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының директоры лауазымына тағайындалды

Маман сертификаттары:

  1. «Қоғамдық денсаулық сақтау денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификаты.
  2. «Трансфузиология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификаты».

Мемлекеттік марапаттары, құрмет грамоталары

2016 жылдың маусым айында С.А.Шмурыгина Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және қан қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің, Қазақстан Республикасының бас трансфузиологы, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ресей трансфузиологтар қауымдастығы, бас трансфузиолог Н.И.Пирогов атындағы «Ұлттық медициналық – хирургиялық орталығының» трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Е.Б. Жибурт  2017 жылдың қорытындысы бойынша Шмурыгина Светлана Александровнаға Қазақстан Республикасының қан қызметін дамытуға қосқан зор үлесі үшін құрмет грамотасын табыс етті.

 

 

 

Директордың медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Войнова Татьяна Николаевна

Туған жері: ШҚО, Өскемен қ.

Ұлты: орыс

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі: 23 жыл

Тілдерді меңгеруі: орыс (ана тілі), ағылшын және қазақ тілдерін сөздікпен.

Білімі:  жоғары

1991ж. – 1994 ж –   «Мейірбике»  біліктілігімен Өскемен медициналық училищесін «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша үздік белгімен тәмәмдады.

1994ж. – 2000 ж. –  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Гигиена және эпидемиология»  мамандығы бойынша оқыған,  «Дәрігер-гигиенист, жалпы тәжірибелік эпидемиолог» біліктілігін иемденді.

2004 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Бактериология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті;

2008ж. – Семей  қ. Мемлекеттік Медицина университетінің Павлодар филиалында «Дәрігер-зертханашы» мамандығы бойынша «Клиникалық зертханалық диагностика» циклі бойынша қайта даярлаудан өтті;

2006ж . – 2009ж. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде  «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, «Ақпараттық жүйелер бакалавры»  біліктілігін иемденді.

2014 ж. – Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Денсаулық сақтау менеджменті»  мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті;

2018ж.- 2019ж. – әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны оқып, «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесі берілді.

Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады: сапа менеджменті жүйесін оқыту, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, қан қызметінде валидация мәселелері туралы сертификаттары бар. 2009 жылы Вроцлав қаласында «Польшадағы донорлық және гемотерапия қағидаттары» тақырыбы бойынша, 2015 жылы – АҚШ-та «Oklahoma Blood Institute»  базасында, «Қан тұтынушыларымен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.

 

Соңғы 5 жылдағы оқыған оқуы:

2018ж.- Өскемен қ. денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында өткен «Үнемді өндіріс негіздері» циклі бойынша «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша 54 сағ., (көшпелі цикл) біліктілігін арттырды.

2019ж. – Алматы қ. КМЛД және IFCC бірлесіп өткізген  «Медициналық зертханалардың сапасы саласындағы құзыреттілікті дамыту» семинарына қатысты;

2019ж. – Нұр-сұлтан қ. Ұлттық аккредиттеу орталығында өткен  «Өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін білдіру» тақырыбы бойынша семинарға қатысты;

2019ж. – Өскемен қаласы «Шаңырақ» медиация орталығында өткен  «Еңбек дауларын реттеудегі медиативтік технологиялар» атты семинарға қатысты;

2020ж.- Нұр-сұлтан қ. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті филиалында өткен «Клиникалық зертханалық диагностика» 216 сағ. мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.

2020 ж. – Нұр-сұлтан қ. денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг сарапшыларын даярлау бойынша біліктілігін арттырды.

2020 ж.-Нұр-сұлтан қ. “Клиникалық зертханалық диагностикадағы зерттеудің негізгі әдістері” мамандығы бойынша біліктілігін арттырды;

2020ж.- Нұр-сұлтан қ. Инновациялық даму корпорациясы, “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша 216 сағ. біліктілігін арттырды.

2021ж. Нұр-сұлтан қаласындағы “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен ІХ республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.

2021ж. Алматы қ. ХҚЭДО “ISO15189-2015 талаптарына сәйкес аккредиттеуге медициналық зертханаларды дайындауды қалай ұйымдастыру керек” вебинарына қатысты.

Еңбек қызметі:

2001ж.-2002ж. –Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қамтамасыз ету бөлімінің дәрігер–зертханашысы

2002ж.-2003ж. – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

2003ж.-2011ж.- Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау  бөлімінің дәрігер–зертханашысы

2011ж. – 2020 ж.– Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау бойынша директордың орынбасары.

2020 жылдың  ақпан айынан  бастап 2021 жылғы сәуір айы аралығында – директордың сапаны бақылау жөніндегі орынбасары лауазымының жойылуына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау жөніндегі басшысы лауазымына ауыстырылды.

2021 жылдың  сәуір айынан  бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы директорының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Маман  сертификаттары:

«Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік  санаты берілген маман сертификаты.

«Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілген маман  сертификаты.

Марапаттары, құрмет грамоталары

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі мен қан қызметін жетілдіруге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің “Құрмет грамотасымен” марапатталды, Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы директорының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

 

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы  – Матаева Гульдар Укужаровна

 Туған жер: ШҚО, Ұлан ауданы, Ұлан ауылы

Ұлты: қазақ, білімі жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі: 23 жыл

Білімі:

1993-1995 ж.ж. Зырян медициналық училищесінде “Мейіргер ісі” мамандығы бойынша оқыған,  үздік белгімен тәмәмдаған.

1995-1999 жылдары С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде “Биология” мамандығы бойынша, біліктілігі “Биология бакалавры” оқыды.

2003-2005 жж. С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде “Құқықтану” мамандығы бойынша оқыған,  біліктілігі “Заңгер”, «Үздік дипломмен» бітірген.

2005 ж. – “Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты” РМҚК – да “Клиникалық зертханалық диагностика” циклі бойынша қайта даярлаудан өтті.

2006ж. – “Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты” РМҚК – да “Трансфузиология циклі бойынша қайта даярлаудан өтті.

2019-2021жж. Томск қаласының Сібір мемлекеттік медицина университетінде “Менеджмент” мамандығы бойынша оқыды, біліктілігі “Магистр”, аталған университетті “үздік дипломмен» тәмәмдады.

Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады: медициналық ұйымдарды аккредиттеу, трансфузиялық терапия мәселелері бойынша оқыту туралы, 2015 жылы — АҚШ-та “Oklahoma Blood Institute” базасында “Донорлық қанды зертханалық тестілеуді ұйымдастыру” тақырыбы бойынша сертификаттары бар, 2018 жылдан бастап Нұр-сұлтан қ. Ұлттық аккредиттеу орталығында зертханалық диагностика саласындағы техникалық сарапшы болып табылады.

Соңғы 5 жылдағы оқыған оқуы:

2018 ж. ШҚО Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық одағы “Келісу комиссиясы жұмысындағы келіссөздер процесі. Келісім комиссиясының жұмысы” тақырыбында өткен семинарға қатысты.

2019 ж.- Нұр-сұлтан қ. Ұлттық аккредиттеу орталығында «Өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін білдіру” тақырыбы бойынша семинарға қатысты.

2019ж. – Тараз қ. “Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері”атты халықаралық қатысумен республикалық конференцияға қатысты;

2019ж. – Алматы қ.  Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде өткен «Клиникалық зертханалық диагностика:дәстүрлер мен инновациялар” халықаралық Конгресіне қатысты.;

2019ж. – Алматы қ. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде “Клиникалық зертханалық диагностика” мамандығы бойынша “Клиникалық зертханалық диагностикадағы полимеразды тізбекті реакция әдістері” 54 сағ. циклі бойынша  біліктілігін  арттырды.

2020ж. – Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық аккредиттеу орталығында өткен  “Сапа және құзыреттілік бойынша талаптар (ISO 22870:2016)» тақырыбында өткен халықаралық семинарға қатысты.

2020 ж.- Алматы қ. “Информмедикал” “Infodonor” МАЖ “Жұқпалы зертхана” вебинарына қатысты;

2020 ж. – Алматы қ. “Информмедикал” қан орталығын автоматтандыру бағдарламалық кешені бойынша оқыту курсына қатысты;

2020ж.- Өскемен қ. “Альтернатив” Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы” ҚБ «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану” тақырыбына семинар-тренинг шеңберінде өткен оқытуға қатысты.

2019ж. – Өскемен қаласы «Шаңырақ» медиация орталығында өткен  «Еңбек дауларын реттеудегі медиативтік технологиялар» атты семинарға қатысты;

2021ж. Нұр-сұлтан қаласындағы “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен ІХ республикалық ғылыми – практикалық конференцияға қатысты.

2021ж. – Нұр-сұлтан қаласы, Ұлттық аккредиттеу орталығында өткен «ҚР СТ ISO 15189-2015 медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» тақырыбы бойынша  семинарға қатысты.

2021ж. – Алматы қ. ХҚЭДО- да  өткен  «ISO15189-2015 талаптарына сәйкес аккредиттеуге медициналық зертханаларды дайындауды қалай ұйымдастыру керек» тақырыбы бойынша вебинарға  қатысты.

2022ж. – Алматы қ. «CERT academy»  Ұлттық аккредиттеу орталығында «ISO 9005: 2015 халықаралық стандарттары бойынша сапа менеджменті жүйесінің менеджері, ішкі аудиторы»  тақырыбы бойынша  өткен  семинарға қатысты.

2022ж.- Нұр-сұлтан қ. денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығында «Денсаулық сақтау ұйымдарында тәуекелдерді басқару” тақырыбы бойынша семинарға қатысты.

Тілдерді меңгеруі: қазақ (ана тілі) және орыс, ағылшын, сөздікпен.

Еңбек қызметі (бүгінгі күнге дейін):

2000ж. – 2001ж. – Шығыс Қазақстан туберкулезге қарсы диспансерінің зертханашысы;

2001ж.-2004ж. – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қан препараттарын өндіру бөлімінің дәрігер-зертханашысы;

2004ж.-2006ж. – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы препараттарды өндіру  бөлімінің меңгерушісі;

2006ж-2010ж-Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының фармацевтикалық өнім өндіру цехының басшысы;

Фармацевтикалық өнім шығаратын цехтың жабылуына байланысты иммунологиялық бөлімнің дәрігер-зертханашысы лауазымына ауыстырылды.

2010ж.-2012ж. – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының иммунологиялық бөлімінің дәрігер-зертханашысы;

2012ж.-2022ж. – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының жұқпаларды диагностау зертханасының меңгерушісі;

2022 жылдың қаңтар айынан бсатап  Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының  донорды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Марапаттары, құрмет грамоталары

Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет Шығыс қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы директорының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

Бас медициналық бике  Булгакова Наталья Васильевна

Туған жері: ЩҚО, Өскемен қ.

Ұлты: орыс, білімі жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі: 21 жыл

Білімі:

1987-1991 жылдары Өскемен медициналық училищесінде «Фельдшер» мамандығы бойынша оқыды».

2006-2011ж.ж.Томск қаласының Сібір Мемлекеттік Медицина Университетінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыды, біліктілігі «Менеджер», үздік дипломмен тәмамдаған.

Қазақстан Республикасында өзінің кәсіби білім деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.

Соңғы 5 жылдағы оқуы:

2019 ж., Семей қаласында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, «Менторларды дайындау бағдарламасы» циклы, 108 сағ., куәлік № 0255 23.02.2019 ж.

2019 ж., Өскемен қаласында 22.08.2019-24.08.2019 аралығында медиация және медициналық құқық мәселелері бойынша семинарға қатысты, 32 сағат. Сертификат № 638.

2020 ж., Өскемен қаласында «Наркологиялық қызмет фельдшерінің жұмысы» циклі бойынша біліктілігін арттырды, 108 сағ. куәлік № 42661 04.05.2020 ж.

Тілдерді меңгеруі: орыс, ағылшын тілі тұрмыстық деңгейде, қазақ тілі сөздікпен.

Еңбек қызметі (бүгінгі күнге дейін):

1991 – 1992 жж МСБ 22. Учаскелік медбикесі

1992 – 1995 жж. ӘҚБ БПҰ. Психиатриялық кабинетінің медбикесі. Денсаулық сақтау пунктінің фельдшері.

1995 – 1997 жж. Жедел жәрдем станциясы. Көшпелі фельдшер.

1997 – 2000 жж. ӘҚБ БПҰ. ОВ156/2. Фельдшер.

2001 – 2008 жж. «Трио» сақтандыру қоғамы. Патронаж медбике. Денсаулық сақтау бойынша сақтандыру менеджері.

2009-2012жж. – «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» КМҚК – экспедиция бөлімінің карантиндеу тобының фельдшері.

2012ж. – қан компоненттерін карантиндеу,ақауға шығару  және уақытша сақтау бөлімшесінің аға фельдшері.

2018 жылдың  қаңтар айында   Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының бас медициналық бикесі лауазымына тағайындалды.

Маман  сертификаты:

«Емдеу ісі»  мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификаты.

Мемлекеттік марапаттары, құрмет грамоталары

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының құрмет грамоталарымен, бірнеше рет ШҚОҚО директорының құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33