C. Аманжолов атындағы ШҚУ-де Донор күні: көмекке мұқтаж жандар үшін бірге!
7 қазанда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде
Донор күні өтті, ол студенттерді, оқытушылар мен университет
қызметкерлерін бір маңызды мақсат – бүгінгі таңда қан компоненттеріне
мұқтаж адамдарға көмек көрсету жолында біріктірді.
Студенттер үшін донорлыққа қатысу – бұл жай ғана игі іс жасау
мүмкіндігі емес. Бұл – саналы азаматтық ұстанымға, жауапкершілікке
бастайтын және өзге адамға көмек көрсету қарапайым ғана шешімнен
бейжай қалмаудан басталатынын түсінуге жасалған қадам.
Донорлық қозғалысты университет ұжымының да қолдайтынын көру
ерекше қуантады. Оқытушылар мен қызметкерлер өз үлгісі арқылы жастарға
басқа адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқорлық жасау – жас пен
мамандыққа қарамастан, әр адам үшін маңызды құндылық екенін көрсетеді.
Бұл күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымына қаламыздың бейжай
қарамайтын тұрғындары да қосылды. Олар студенттер мен қызметкерлермен
бірге ортақ игі іске өз үлестерін қосу үшін келді.
Мұндай донорлық күндер – жастарды, оқытушыларды, қызметкерлерді
және қала тұрғындарын бір мақсат жолында біріктіретін, өздері жеке
танымайтын жандарға көмек көрсетуге дайын адамдардың бірлігін көрсететін
нағыз үлгі. Уақыт тауып, үн қосып, донорлық қозғалыстың бір бөлігі болған әрбір жанға алғысымызды білдіреміз!
Осындай бастамалар көп болсын, ал ерікті донорлық мәдениеті
адамдарды біріктіріп, адам өмірін сақтауға өз үлесін қоса берсін!
Бір рет қан тапсыру – көмекке мұқтаж жандарға көрсетілген нақты
көмек.

