Қыркүйектің үшінші сенбісінде Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні атап өтіледі, биыл бұл күн 21 қыркүйекке сәйкес келді.
Бұл күндері гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау (бұдан әрі-ГДЖ) сәтті дамып келеді және сүйек кемігі дұрыс жұмыс істемейтін қанның қатерлі ауруларын емдеу үшін тағайындалады. Мұндай науқастарды емдеу үшін үйлесімді сау донордан ГДЖ трансплантациясы қолданылуы мүмкін. Донордың гемопоэтикалық дің жасушалары пациенттің қантүзілімін, иммунитетін қалпына келтіріп, оның өмірін сақтай алады. Сау жасушаларды трансплантациялау-мұндай науқастар үшін өмір сүрудің жалғыз […]