Жаңалықтар

Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды. Студенттер донорлық жолдың барлық кезеңінен өтіп, қан орталығының ішкі көрінісін көрді: оның жұмысымен танысып, қан алу процесін бақылады, сондай-ақ қанды талдау бөлімінің меңгерушісіне қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Экскурсия құнды әрі пайдалы болды -болашақ дәрігерлер тәжірибе жүзінде […]

Өмірді құтқару – болашақ дәрігерлердің асыл міндеті.

Республика көлемінде өткізілген ерікті, ақысыз донорлық айы шеңберінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен донорлық күндер өтті. Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалының еріктілері болып табылатын болашақ медицина қызметкерлері 2026 жылғы 9 және 10 ақпанда қан орталығына өмірді сақтау ісіне өз үлестерін қосты. Шамамен 50-ге […]

04 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында мейірімді жүректі, жауапкершілігі жоғары жандарды біріктірген Донорлық күн өтті.

Бұл күні қан тапсыруға хирургтер, медбикелер, анестезиологтар, кардиологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар бір сөзбен айтқанда, облыстық аурухананың барлық медициналық қызметкерлері қатысты. Ақ халатты абзал жандар өз миссиясының тек операциялық бөлмелер мен палаталарда ғана емес, жеке үлгісі арқылы да адам өмірін сақтап қалу екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әсіресе дәрігерлерге бастаманы қолдап, ортақ іске өз үлесін қосу үшін […]

«Алғыс» айдары

Кейде ең құндысы — көп сөз емес, шын жүректен шыққан «рахмет». Біз «Алғыс» айдарын ашамыз. Бұл айдарда әрбір адам қан донорларына және Қан орталығының қызметкерлеріне өз алғысын білдіре алады — күн сайын үміт сыйлап, өмірді сақтап, қолдау көрсетіп жүрген жандарға. Егер сіз немесе жақындарыңыз бір кездері көмек алған болса, біреудің қаны өмірді сақтап қалса, ал […]

2026 жылғы ақпан айы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ерікті өтеусіз қан донорлығы айы деп жарияланды.

Аталған акция Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік, өзара көмек және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында өткізіледі. Әрбір донор — адам өмірін сақтап қалуға қосылған нақты үлес және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Қан хилезі және оның себептері

Донорлардың жиі қоятын сұрағы:«Хилез дегеніміз не?». Хилез-бұл қалыпты жағдайда және патологияда пайда болатын дененің ерекше жағдайы. Ол липидтер (майлар) метаболизмінің бұзылуымен сипатталады. Әдетте, центрифугалаудан кейін түтіктегі қан екі бөлікке бөлінеді жоғарғы жағында мөлдір сарғыш сарысу қалады, ал төменгі жағында қою қызыл түсті пішінді элементтер тұнбаға түседі. Центрифугалаудан кейінгі «Майлы» қан ақ және өте қалың болады, […]

Шын жүректен біздің тұрақты донорымыз Бейсенбина Зарина Нұрланқызын туған күнімен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасылық береке мен амандық тілейміз. Өміріңізде өзіңіз өзгелерге сыйлап жүрген жылу мен қамқорлықтай шуақ пен жақсылық әрдайым мол болсын. Адам өмірін сақтауға қосып жүрген өлшеусіз үлесіңіз, кең жүрегіңіз бен жанашырлығыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Әр күніңіз қуанышқа, құрмет пен ризашылыққа толы болсын!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33