Қымбатты достар, біздің донорларымыздан жиі қойылатын иммундық плазма донорлығы туралы сұрақтарға облыстық қан орталығы жауап береді. Сұрақ: «Анамнезінде жүктілік болған әйелдерге неліктен иммундық плазманы тапсыруға рұқсат берілмейді?» Жауап: «Анамнезінде жүктілігі бар әйелдердің плазмасында антилейкоциттік антиденелер болуы мүмкін, олар осындай плазма құйылған науқастарда өкпенің зақымдануымен байланысты асқынулардың туындау қаупін арттырады. Коронавирустық инфекция кезінде өкпенің зақымдануы байқалатындықтан, […]