Жаңалықтар

Өмір сыйлаған донордың тарихы

Пансевич Зухра Токтаркановна Гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) донорлығы – бұл ерекше әрі асыл донорлық түрі. Мұнда адам ауыр науқастардың қан түзілу жүйесін қалпына келтіре алатын сүйек кемігінің жасушаларын сыйлайды. Бұл – лейкоз, лимфома және басқа да қан ауруларына шалдыққан адамдардың өмірін құтқаратын мүмкіндік. Процедура қауіпсіз және дәрігерлердің мұқият бақылауымен жүргізіледі. ГДЖ донорларының регистріне кірген әрбір […]

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында мейірім мен өзара көмекке толы ерекше атмосфера орнады.

Біздің қадірлі қонақтарымыз – ТЖМ ВКТЭУ «Қазселқорғау» ММ-нің құтқарушылары болды. Олар – күн сайын төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде халықты қорғап, алдыңғы шепте қызмет ететін жандар. Бірақ бүгін олар дабыл бойынша емес, жүрек қалауымен келді – өздерінің бір бөлшегін бөлісіп, донорлық қанға мұқтаж адамдардың өмірін сақтап қалу үшін. Құтқарушылар үшін донор болу – жай […]

«TerumoBCT ТМД 2025: мамандарды біріктіретін технологиялар»

2025 жылғы 03 қазанда Шымкент қаласында Қан компоненттері технологияларын дамытуға арналған TerumoBCT ТМД 2025 халықаралық конференциясы өтті. «Қанның сапалы және қауіпсіз компоненттерін қамтамасыз ету үшін қанды өңдеудің озық технологияларын пайдалану» конференциясы ТМД және еуропа елдерінің жетекші мамандарын біріктірді. Шараға Шығыс Қазақстан облысынан ШҚО қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина қатысты. Іс-шара қазіргі заманғы трансфузиялық медицина саласындағы […]

Құрметті әріптестер, ардақты дәрігерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дәрігер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адам өмірі мен денсаулығы сияқты ең қымбат құндылықпен байланысты қызмет атқарып жүрген сіздерге шынайы алғыс пен ризашылығымызды білдіретін ерекше күн. Сіздер – үміт пен тірек, әрқашан көмекке бірінші болып келетін, мейіріммен, сабырмен және кәсіби шеберлікпен адамдарға күш, қуаныш және болашаққа сенім сыйлайтын жандарсыздар. […]

Құрметті біздің ұстаздар! Бүгін ерекше күн -Сіздердің ұлы миссияларыңызды мойындайтын күн.

Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақтың тағдырына бағыт-бағдар беретін, елдің ертеңін тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сіздердің ерен еңбектеріңіз арқылы білімді, парасатты, отаншыл жас ұрпақ қалыптасып келеді. Бір қарағанда Сіздердің еңбектеріңіз көрінбеуі мүмкін, бірақ ол болашақты қалыптастырады және балаларымыздың өміріне жол ашады. Жүректеріңіз әрқашан оқушылардың ризашылығына, ата-аналардың және […]

Бүгін облыстық қан орталығының қызметкерлері ЖРВИ-ға қарсы вакцинациядан өтті.

Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау-бұл біздің донорларымыз бен пациенттерімізге күнделікті жоғары деңгейде көмек көрсетудің маңызды қадамы. Вакцинация суық тию мен тұмау маусымында сырқаттану қаупін азайтуға көмектеседі, яғни қан қызметінің тұрақты жұмысын сақтап, қан компоненттерін дайындау мен құюды үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етеді. Мықты ұжым-салауатты ұжым! Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және алдын-алу әрқашан емдеуден гөрі жақсы екенін ұмытпаңыз.

Бүгін ШҚО ТЖД №7 өрт сөндіру бөлімінде Донор күні өтті!

Бұл акция алдағы кәсіби мереке – Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметкерлері тек қана күн сайын біздің қауіпсіздігімізді қорғап қана қоймай, сонымен қатар қызметтен тыс жерде де өмірді құтқаруға дайын екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгін олар қан тапсырып, өмірге мұқтаж жандарға үміт пен саулық сыйлады. Әр донорға жанашырлығы мен үлкен үлесі үшін алғыс […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33