#MedSafetyWeek 💊– бұл дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық науқан

#MedSafetyWeek 💊– бұл дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттық науқан

Науқан дәрілік заттар мен вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтиды:
🔹жағымсыз әсерлердің алдын алу;
🔹полипрагмазия (бір мезгілде бес және одан да көп дәріні қабылдау) мәселелері;
🔹балалар мен жүкті әйелдерге арналған дәрілік препараттарды қабылдау ерекшеліктері;
🔹дәрілердің жағымсыз әсерлерін азайтудағы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің рөлі.
Сіздің және серіктестердің қолдауының арқасында бұл науқан бүгінде әлемнің 170-тен астам елінде жүзеге асырылуда.
Медицина қызметкері ретінде сіз дәрілік заттардың қауіпсіздігін және пациенттеріңіздің денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарасыз:
✔ Пациенттермен дәрілік заттардың мүмкін болатын жағымсыз әсерлерін талқылаңыз;
✔ Оларды қалай алдын алуға немесе бақылауға болатынын түсіндіріңіз;
✔ Жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда, қайда және қалай хабарлау керектігін көрсетіңіз.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігін арттыру – бәріміздің ортақ міндетіміз. 💊
(RU) С днём рождения, уважаемая Лаушкина Ольга Викторовна!«Өмірді құтқарушы жүрек»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33