«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де донор күні өтті

«Өскемен ЖЭО» ЖШС-де донор күні өтті

2024 жылғы 17 қазанда «Өскемен ЖЭО» ЖШС қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты. Акция облыстық қан орталығымен бірлесіп тікелей ЖЭО кәсіпорнында өткізілді. Бұл күні өтеусіз донорлар қатарына осы ұйымның 30  астам қызметкері кірді, осылайша ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарының пациенттерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 14 литрге қан компоненттерінің қорларын толықтырды.

Қызметкерлер – ерікті түрде қанын өтеусіз тапсырып, белсенді азаматтық ұстанымын көрсете отырып, донорлық қанға мұқтаж отандастарына көмектесті. Жылу беретіндер үшін бұл рәсім жақсы дәстүрге айналды.

ШҚО-да өтеусіз донорлықты қолдағаны үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС – нің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

(RU) Помощь людям как образ жизниПРОТОКОЛ №16 ЗЦП

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33