Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

2024 жылдың 19 наурызында, Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық қан орталығы және серіктестеріміз «ARLAN» корпустық жиһаз және матрацтар жасау компаниясы, «Олимп» КДЛ және Қызыл Жарты Ай Қоғамының ШҚО филиалы бірлесіп,  Сіздерді «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты ұранмен өтетін донорлық акцияға шақырады.

 

Қан  тапсыруға ниет білдірген біздің қаламыздың және облыстың барлық тұрғындарын  біз қан орталығында күтеміз. Қонақтар  мерекелік дастарханнан дәм татып, серіктестеріміздің дайындаған сыйлықтарына ие болады.

 

Қан алу уақыты сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.

 

Маңызды! Біздің іс-шараға қонақтардың ұлттық киіммен келуі құпталады!

 

Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11

 

Қан орталығына  № 17, 46, 26 автобустармен және  260 маршрутпен келуге болады.

 

Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті!

 

Достар, біздің акцияға достарыңызды, жақындарыңызды  және туыстарыңызды шақыруды ұмытпаңыздар!

 

 

Қан тапсыру-ынтымақтастық актісіЖақсылық жасап жарысайық!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33