Құрметті біздің ұстаздар! Бүгін ерекше күн -Сіздердің ұлы миссияларыңызды мойындайтын күн.

Құрметті біздің ұстаздар! Бүгін ерекше күн -Сіздердің ұлы миссияларыңызды мойындайтын күн.

Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын
ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақтың
тағдырына бағыт-бағдар беретін, елдің ертеңін тәрбиелейтін ұлы тұлға. Сіздердің
ерен еңбектеріңіз арқылы білімді, парасатты, отаншыл жас ұрпақ қалыптасып келеді.
Бір қарағанда Сіздердің еңбектеріңіз көрінбеуі мүмкін, бірақ ол болашақты
қалыптастырады және балаларымыздың өміріне жол ашады.
Жүректеріңіз әрқашан оқушылардың ризашылығына, ата-аналардың және
қоғамның құрметіне бөленіп жүре беріңіздер!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыс тілейміз.
Еңбектеріңіздің жемісі мол, шәкірттеріңіздің жетістігі зор болсын! Ұстаздық
мәртебеңіз үшін алғыс айтамыз!

Бүгін облыстық қан орталығының қызметкерлері ЖРВИ-ға қарсы вакцинациядан өтті.Құрметті әріптестер, ардақты дәрігерлер!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33