Өмір сыйлаған донордың тарихы
Пансевич Зухра Токтаркановна
Гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) донорлығы – бұл ерекше әрі асыл донорлық түрі. Мұнда адам ауыр науқастардың қан түзілу жүйесін қалпына келтіре алатын сүйек кемігінің жасушаларын сыйлайды. Бұл – лейкоз, лимфома және басқа да қан ауруларына шалдыққан адамдардың өмірін құтқаратын мүмкіндік. Процедура қауіпсіз және дәрігерлердің мұқият бақылауымен жүргізіледі. ГДЖ донорларының регистріне кірген әрбір адам бір күні біреуге өмір мен үміт сыйлай алатын тұлғаға айналуы мүмкін.
Халықаралық сүйек кемігі донорлары күні жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Осы мереке аясында облыстық қан орталығында ГДЖ доноры Пансевич Зухра Токтаркановнаға «Жүрек ұлылығы үшін» атты естелік мүсінше табысталды.
2019 жылы Зухра Токтаркановна мен бір науқастың фенотиптері бірегей сәйкестік көрсетіп, алғаш рет туыстық байланысы жоқ адамдар арасында сүйек кемігін трансплантациялау мүмкін болды. Бұл күрделі процедура кішкентай ұл баланың өмірін сақтап қалды. Донордың арқасында ол екінші өмірге ие болды. Бүгінде ол мектепке барып жүр — өткен жылы бірінші сыныпқа барды.
Зухра Токтаркановна – мейірімді жүректі, жауапкершілігі жоғары және шын жүректен жанашыр адам. Ол тек донор болып қана қойған жоқ, ол біреудің тағдырын өзгерткен нағыз қаһарманға айналды. Мұндай адамдар – қоғамымыздың мақтанышы және бір адамның басқаларға өмір сыйлай алатынын дәлелдейтін жарқын үлгісі.
Осы күні Зухра Токтаркановнаға гүл салоны «Алматы букет» те өз алғысын білдіріп, әдемі гүл шоғын сыйлады. Тегін донорлық идеясына қолдау көрсеткені үшін салон директорына зор алғыс айтамыз.
Біз Пансевич Зухра Токтаркановна оның асыл ниеті, батылдығы және мүлдем бейтаныс адамға көмектесуге дайын болғаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Оның тарихы басқа адамдарды да донорлар регистріне қосылып, әлемге өмір, мейірім мен жылулық сыйлауға шабыттандырсын!

